Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 мамырдағы № 638 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 16 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңы 10-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған биржалық тауарлардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 6 мамырдағы
№ 638 қаулысымен
бекітілген
Биржалық тауарлардың тізбесі
| Р/с № | Тауарлар | Тауарлардың атауы | СЭҚ ТН коды |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1 | Мұнай және мұнай өнімдері | Шикі мұнай | 2709 00 900 0 |
| Жеңіл дистилляттар (бензин) | 2710 11, 2710 11 110 0- 2710 11 900 0 |